From Wikipedia, the free encyclopedia
Үйеңкі жапырағы (ағылш. Maple leaf, фр. Feuille d'érable) — үйеңкі ағашының жапырағы. Канаданың ұлттық рәміздерінің бірі.[1]
1700-ші жылдардың басында үйеңкі жапырағы эмблема ретінде Әулие Лаврентий өзенінің бойында француз канадалықтармен қабылданған.[2]
1834 жылы Сен-Жан-Батист қоғамының жиналысында үйеңкі жапырағы қоғамды бейнелеу үшін ұсынылған көптеген эмблемалардың бірі болды, сол кезде оның француз канадалықтардың арасында танымалдығы арта түсті.[3] Сол кезде үйеңкі жапырағының пайдасына қарай Монреаль қаласының алғашқы әкімі (мэрі) Жак Виже үйеңкіні "біздің орманымыздың патшасы; ... канадалықтардың символы" деп сипаттады.
Үйеңкі жапырағы біртіндеп ұлттық рәмізге айналды: 1868 жылы ол Онтарио мен Квебек елтаңбаларында бейнеленді, ал 1921 жылы Канада елтаңбасына да қосылды. Тарихи тұрғыдан алтын үйеңкі жапырақ Онтарионы, ал жасыл үйеңкі жапырақ Квебекті бейнелеген.[4] 1867 жылы Александр Мюр патриоттық "Үйеңкі жапырағы мәңгіге» шығармасын жасады, ол ағылшын тілді Канаданың ресми емес әнұранға айналды.[5]
Үйеңкі жапырағы 1965 жылы Канада туының енгізілуімен ұлттық символға айналды және туда қандай да бір үйеңкінің түріне жатпайтын, тегістелген, он бір қырлы үйеңкі жапырағы қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.